Қарағандыда 4 жасар қыз жоғары қабаттан құлап, көз жұмды

фото: elements.envato.com

Қарағандының төрт жасар қыз көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды AstanaTV.

Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, қыз бала қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.