Астанада биылғы жылыту маусымы 2 қазанда басталады, деп хабарлайды AstanaTV.
Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға беріледі. Олардың қатарында балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханалар бар.
«Астана-Теплотранзит» компаниясы жылыту маусымына дайын екенін мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сонымен қатар жөндеу және желілерді жаңғырту жұмыстары аяқталған.