Күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Шымкентте күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен 27 жастағы әйел ұсталды. Оқиға Самал-3 шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде болды. Көршілердің мәліметінше, отбасылық жанжал әйелдің намаз оқып жатқан сәтінде басталған көрінеді. Ашу кезінде сілтеген пышақ күйеуінің жүрек тұсына кіргені айтылуда. Қазір ер адамның өліміне қатысты полициямен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

БАҒЛАН МЫРЗАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған жайт бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.