Елде буын ауруына шалдыққандар көбейген

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2026

Елде буын ауруына шалдыққандар көбейген. Статистикаға сүйенсек, науқастар саны 400 мыңнан асып жығылады. Бұрын бұл дертке егде жастағы кісілер шалдықса, қазір ауру түрі айтарлықтай «жасарып» келеді. Экологияның нашарлауы мен аз қимылдаудың салдарынан жасөспірімдер мен 20-30 жастағы жастар арасында да артрит пен артроз жиі тіркелуде.

МЕКЕНАЙ НАЗАРБАЕВ, РЕАБИЛИТОЛОГ, FDM ТЕРАПЕВТ:

ХХІ ғасырда бәрі компьютерде, телефонда отырады. Суық тигізеді, ауыр нәрсе дұрыс көтермейді. Сол себептен дәнекер тканның бұзылуына алып келеді. Буын аурулары, бел ауруы, мойын ауруларының бәрі 80 пайызы осы дәнекер тканның бұзылуына байланысты. 

Буын ауруларына шалдыққандардың 65 пайызы - әйелдер. Ал жалпы науқастардың 72 пайызы - 18 бен 59 жас аралығындағы белсенді азаматтар. Мұндай күрделі мәселені шешу үшін елде заманауи озық медициналық әдістер мен кешенді оңалту жүйелері қолданысқа енгізіліп жатыр. Солардың бірі - дәнекер тіндердегі бұзылыстарды қалпына келтіруге бағытталған FDM-терапия әдісі. Бұл жүйе ағзадағы жасырын зақымдарды дәл анықтап, емдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

DR. GIACARLO, АВСТРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР:

FDM терапиясы - бұл адамның ауруын оның дәнекер тініндегі, яғни фасциядағы алты түрлі зақымдану арқылы түсіндіретін заманауи әдіс. Олар: триггерлік сызық, жарықшақты нүкте, созылу, бүктелу, цилиндрлік деформация және тектоникалық фиксация сияқты өзгерістер. Менің қабылдауыма келетін әрбір науқаста осы алты бұзылыстың бірі немесе бірнешеуі міндетті түрде кездеседі. Адамның ауырып, мазасыздануына дәл осы мәселелер себеп болады.