«Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың өтініштері қаралды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2026

Астана қаласының тұрғыны Сергей Тарабарин жеке сот орындаушысының шешіміне  наразы. Оның айтуынша, екі баласына төленетін алимент дұрыс есептелмеген. Балалары кәмелет жасына толып кеткеніне қарамастан, алиментке қатысты мәселе әлі шешілмеген. Соның салдарынан азаматтың барлық банк шоттары бұғатталған. Мәселесін Құрылтай депутаты Ербол Данағұлов тыңдады. Кеңес беріп, өтінішін бақылауға алатынын жеткізді.

СЕРГЕЙ ТАРАБАРИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жеке сот орындаушысы қарызды дұрыс есептемейді. Екіншіден, дөрекілік көрсетеді. Үшіншіден, бір балаға 50 пайыз белгілеп қойған. Ал құжат бойынша бір балаға 25 пайыздан, екіншісіне де 25 пайыздан болуы керек.

«Әділет» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар Алматы, Астана, Көкшетау қаласы мен Алматы облысынан келді. Тұрғындар алаяқтық, жалақыны арттыру және ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелер көтерді. Депутат барлық өтініш назарға алынып, бақылауда болатынын айтты.

ЕРБОЛ ДАНАҒҰЛОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жерде экология мәселесі, кәсіптерін бизнесті жақтау мәселемін адамдар келді. Ата-анасын іздеп жүрген адамдар да бар. Мәселе өте көп. Әртүрлі мәселелер. Бізде е-Құрылтай, е-өтініш арқылы өзіміздің жеке арыз-шағымды қабылдайтын өтініштеріміз бар. Соның негізінде осы кісілердің арыздарын тіркеп, сол жерде шешетіндей жағдай жасаймыз.