Бүгін еліміздің 20 өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті. «Әділет» партиясының бастамасына түрлі бағыттарды қамтитын бірқатар іс-шара енгізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты – аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы байланысты нығайтып, қариялардың өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу. Іс-шара барысында ардагерлермен кездесулер, мәдени және спорттық жарыстар, түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қарттарға цифрлық сауаттылық бойынша тегін сабақтар өткізіліп, интернет алаяқтардан сақтану жолдары түсіндірілді. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс бір күндік іс-шарамен шектелмейді. Бір ай бойы жалғыз тұратын қарттардың үйлеріне барып, тұрмыстық мәселелеріне көмектесу, ауласын ретке келтіру және қысқа дайындық жұмыстарына қолдау көрсету жоспарланған.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Республика бойынша бір уақытта бүгін 20 өңірде 5 мыңнан астам қазыналы қарттарымызды осындай іс шарамен құттықтап, осындай әртүрлі форматтағы кездесулер өткізіп жатырмыз. Бұндағы мақсатымыз енді ұрпақтар сабақтастығы болсын, өздеріңіз көрдіңіздер біздің фестиваліміздің тақырыбын «Үш ұрпақ - ортақ мақсат». Бізде білесіздер партиямызда ардагерлерді ардақтайық деген жоба жүріп жатыр. Партиямыздың төрағасы Айбек Арқабайұлы үлкен қарттарға деген көңіл бөліп жатыр.