Қариялар спорттық сайыста бақ сынады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2026

Иә, халықаралық қартта күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде аға буын өкілдерінің басын қосқан игі іс-шаралар өтіп жатыр. Мәселен, Шымкенттегі «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» қариялар спорттық сайыста өзара бақ сынады. «Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылған жарысқа 30-дан аса зейнеткер қатысты. Олар бильярд, үстел теннисі, дойбы және шахматтан бақ сынады.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Үш ұрпақ – ортақ мұрат» дегеніміз бұл үлкендерді үлгі ете жүріп яғни болашаққа біздің болашағымыз деп саналатын жастарға үлгі ретінде осы үлкендердің жүріп өткен жолдарын насихаттау. Олардың біздің салт-дәстүріміз бар, оларды дәріптеуіміз қажет. Және олардың адами құндылықтары рухани мәдени дейміз міне осының барлығы біздің осы жас ұрпақтың бойында қалыптасуы қажет. Сондықтан бүгінгі осындай сайыстарды осы фестивальдің аясында ұйымдастырып жатырмыз.

Спорттық іс-шара Павлодар өңірінде де жалғасын тапты. Облыстық филиалдың ұйытқы болуымен ардагерлер арасында бильярдтан тартысты турнир ұйымдастырылды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өткен бәсекеге қырыққа жуық қария қатысты. Олар америкалық бильярд түрінен өзара мықтыны анықтады. Жарыстың көркін қыздырғандардың қатарында сексеннің сеңгіріне шыққан қариялар да бар.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Биыл осы игі дәстүр жалғасып, кезекті турниріміз болып жатыр. 40 шақты адам қатысады. Біз алдыңғы буын ардагерлерді құрметтеу партияның әрқашан басты назарында. Бұл ардагерлер үшін демалыс, спорт. Сондықтан осы турнирді бүгін ұйымдастырып жатырмыз.