Бүгін Жазғы Азия ойындарында жеңіл және ауыр атлетикадан ел намысын қорғаған спортшылар елге оралды. Құрлықтық додада күміс және қола медальді қанжылаған атлеттерді Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен жақындары ерекше ықыласпен қарсы алды. Жиналған жұрт жүлдегерлерге толассыз гүл шоқтарын ұсынып, қолдау көрсетті. Спортшылар алғысын білдіріп, жарыстағы әсерін, жоспарларымен бөлісті.
АЯНАТ ЖҰМАҒАЛИ, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:
Тартыс иә әрине, барлық жарыс өзінің қиыншылығымен келеді ғой. Менің ешқандай қарсыласым жеңіл болған жоқ. Барлығы өзінше мықты болды. Мен бәрібір өзімдікін алдым. Алдағы айда бізде әлем чемпионаты бар. Соған дайындаламыз. Қолдаушыларыма үлкен рахметімді айтам.