Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: pixabay

Бүгін Астана уақытымен сағат 13:17-де Қырғызстанда магнитудасы 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды AstanaTV.

Сейсмология институтының мәліметінше, тербеліс ошағы Қызыл-Үңкур ауылының солтүстік-шығысынан 6 шақырым және Манас қаласының солтүстік-шығысынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан.