Құрылтай Төрағасы ТүркПА Бас хатшысы Рамиль Гасанмен кездесті

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасанды қабылдады. Тараптар Құрылтай мен ТүркПА арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Кездесуде Айбек Дәдебай тамыз айында өткен Құрылтай сайлауындағы ТүркПА бақылаушылар миссиясының жұмысына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, Құрылтай бауырлас түркі елдерінің парламенттерімен тығыз қарым-қатынас жасау дәстүрін жалғастыратынын мәлімдеді.ТүркПА Бас хатшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан Президент реформаларының бағытын жоғары бағалап, оның Қазақстан қоғамының игілігін арттыруға және еларалық қатынастарды дамытуға ықпалы зор екенін айтты.  Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, ТүркПА жұмысы мен парламенттер желісі бойынша алдағы іс-шараларға қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылады.