2026 жылғы 1 қыркүйекте елорда халқы 1 700 385 адамға жетті, деп хабарлайды AstanaTV.
Бір айда тұрғындар саны 9 780 адамға, ал жыл басынан бері 61 209 адамға көбейген.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстан халқының жалпы саны 20 618 796 адамды құрады. Халық саны ең көп өңірлер қатарында Алматы қаласы – 2 387 896 адам, Түркістан облысы – 2 142 709 адам.
Сондай-ақ Алматы облысында 1 615 631, Шымкентте 1 316 888, Жамбыл облысында 1 210 084, Қарағанды облысында 1 130 123 адам тұрады.
Елдегі ауыл халқының саны 7 382 755 адам. Ал халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы, онда 217 274 адам тұрады.