Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірген топ анықталды

Фото: ҚМА

Ұйымдасқан топ 4 мың текше метрден астам марганец кенін сатқан

Қаржы мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қаражал қаласындағы «Восточный» карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Astana TV.

Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын — экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.

Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген.

Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған.

Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады.

Тергеу жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.