Биыл қыс қатты бола ма? Синоптиктер ондай аномалия бола қоймас деп көпшіліктің күдігін сейілткісі келетіндей. Ал астрологтардың сөзіне құлақ түрсек, қыс қатты болады дегенге саяды. Бағзы қазақ жыл мезгілдеріне сипатты өзге тіршілік иелерінің қам-қарекетіне қарап-ақ бағамдай білген, деп хабарлайды Astana TV.
«Жаз ыстық болса, қыс суық болады» деген қағида баршамызға белгілі. Алайда мұндай маусымдық ерекшеліктер күз мезгілінде де айқын көрініс табады. Қазақы танымда тышқанның інін қазуынан бастап, күзгі жапырақтың жерге қалай түскеніне дейін табиғаттың әр белгісіне терең мән берілген.
«Жапырақ шалқадан түссе, қыс жылы болады, ал еңкейіп түссе, қыс қатты болады», – дейді этнограф Бұлбұл Кәпқызы.
Күзгі табиғаттың тылсым сырлары мен қазан айының «боқырауыны» алдағы қыстың қатал не жұмсақ болатынын білуге болады. Қыс қатты бола ма? Осы және өзге де қызықты ақпаратты бүгін 17:00-де «Saraptimes» бағдарламасынан көре аласыздар.