Атырауда ауыр өндірістік жарақаттан мүгедек болып қалған 22 жастағы жігіт әділдік іздеп жүр. Айтуынша, екі жылға жуық уақыттан бері компания басшылығы уәдесін орындамай келеді. Тіпті арыздануды қоймасаң, жазатайым оқиға кезіндегі шығынды өтетеміз, - деп тығырыққа тіреген. Мәселенің мән-жайын тілшіміз жеткізеді.
Мейрамбек Ғалымжан бір күнде мүгедек арбасына таңылған. Мұнай өңдеу зауытын теміржол қызметімен қамтамасыз ететін «РТИ АНПЗ» мекемесінде вагон құрастырушы боп еңбек етіп жүріп, былтыр қаңтарда жүк вагоны мен тепловоз арасында қалып қойған. Соқталдай азаматтың бір аяғы мен қолы жазым болды. Дәрігерлер 3 саусағын кесті. Ал бір аяғының өкшесін ғана қалдырыпты.
МЕЙРАМБЕК ҒАЛЫМЖАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ойбай, сені далаға лақтыраймыз. Көмектесеміз. Жұмысқа орналастырамыз, штат ашып береміз. Қандай көмек бар, далада қалмайсың, уайымдама деп, бәрі жақсы болады деп мықтап уәделерін берді. Бірақ осы уақытқа дейін өздерінің еріктерімен маған ешқандай көмек көрсетілген жоқ.
Кәсіпорындағы жазатайым оқиғадан соң еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеріс жүргізген.
КЕМЕЛ ИМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Тергеп тексеру нәтижесімен жұмыскердің кінәсі 70 пайыз деп қорытынды шығарылды. Алайда бұл қорытынды мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бұзылып, 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсі дәрежесі белгіленді.
Еңбек инспекциясының шешімімен келіспеген Мейрамбек сотқа арызданған. Алғашқы сот сатысы 100 пайыз жұмыс беруші тараптың кінәлі деп шешім еткен. Кәсіпорын басшылығы болса, аппеляциялық шағым түсіріп, мүгедек арбаға таңылған жұмысшысы әлі сот жағалап жүр.
НҰРЖАНАТ ӘБУОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ:
Екінші тарап олар өздерінің құқығын пайдаланып, әриие, аппеляциялық шағым келтірді. Қазіргі уақытта біз аппелциялық шамы бойыншаоблыстық соттан әділдікті күтеміз. Яғни аталған шешім заңды күшінде қалады деп санаймыз.
Бұл жағдайға қатысты кәсіпорын басшысы сұқбат берген жоқ. Ал жазым болған жас жігіт әділдікке қол жеткізіп, тиісті моралдық, материалдық өтемақы өндіруді көздеп отыр.