Мемлекеттен алған пәтерді заңсыз жалға беріп келген: Алматыда 114 пәтер босатылды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2026

Алматыда мемлекет берген пәтерді заңсыз жалға бергендер баспаналарын босатты. 

Қалада жыл басынан бері 3 мыңнан астам пәтерге мониторинг жасалған. Нәтижесінде кезекке тұрмаған бөгде тұлғаларға 172 пәтердің заңсыз берілгені анықталды. Тұрғын үйді иеленіп келген адамдар қазірдің өзінде 114 пәтерді босатты, ал қалған 58 пәтер бойынша сотқа дейінгі шағымдар жолданды. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, баспана тиесілі адамдар көбіне жалдауға береді немесе келісімшартта көрсетілмеген дос, туыстарын қоныстандырады. Сондай-ақ, пәтерлерді нашар әрі күтіп ұстамайтын жағдайлар да бар екенін атап өтті.

ЕЛЖАС БАЙКЕН, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тексеріс кезінде басқа шетелдіктер тұрып жатты. Негізінде келісімшарт бойынша қазақтарға берілген. Заң бойынша біздің Закон о жилищных отношениях және де біздің келісімшарт. Ол заңға қарама-қайшы келеді. Пәтерді алып қоямыз.