Ақтөбеде жаңа шағын ауданның тұрғындары үш жылдан бері қоғамдық көліксіз отыр. Алтын Орда-3-те 6 тұрғын үй бой көтерген. Мыңдаған адам тұрып жатыр. Бірақ қоғамдық көлік кірмейді. Ең жақын деген аялдамаға жету үшін тұрғындар 1 шақырымнан астам жаяу жүруге мәжбүр. Балалар мектепке шаңға батып барса, үлкендер емханаға жаяу қатынайды. Тұрғындар биліктен 3 жылдан бері жол мен автобус сұрап әлек. Жаңбыр жауса - лай. Құрғақта - шаң. Қыста-қалың қар мен көк тайғақ. Жарығы да жоқ. Ал тас жолға үш автобус аялдайды, бірақ ауданға кірмейді. Жағдай әсіресе балалар үшін қиын. Мектепке барып келу үшін 2 шақырымды еңсеретін оқушы үшін ата-анасы алаңдаулы.
БАҚДӘУЛЕТ СӘДУ, ТҰРҒЫН:
Сол автобустарды далаға қойғанша, ең болмаса 25-ші автобусты осы үйлерге жақындатып, жер жетеді мына жерде.
ҚАЛИМА ІЗБАСОВА, ТҰРҒЫН:
Мектеп басталады. Мына аппақ киіммен балалар жазда бара жатады да көк шаңның астында қалады. Үлкен адамдар бар. Поликлиникаға барамыз дегендей, ал көбінің машинасы жоқ.
Жауаптылар тегіс жол жоқтығынан бұл ауданға кіре алмайтынын айтады.
ЖАНСЕН МАСАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Автобустар жалпы қалалық бағыттағы қоғамдық көліктер басты және магистральды жолдармен және асфальт жабындысы қамтылған көшелермен қозғалуы тиіс. Өйткені бізің қазіргі таңда келіп жатқан новый автобустардың бәрі төмен еденді.