Қазан айында әйелдер сүт безі обырына тегін скринингтен өте алады

Қазан айында әйелдер сүт безі обырына тегін скринингтен өте алады. Елімізде «Әйел өмірі үшін» сүт безі обыры туралы ақпараттандыру айлығы басталды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емханаларда ашық есік күндері, онколог дәрігерлермен кездесу, дәрістер мен подкасттар өткізіледі. Ең бастысы, 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру бойынша тегін скринингтен өте алады. Науқанның нышаны – әйел бейнеленген қызғылт лента. Бұл бастамаға «Әділет» партиясының Әйелдер қанаты аналарды қорғау бағытындағы жұмыс аясында қолдау көрсетуде. Партия өкілдері сүт безі обыры туралы ақпарат аздығымен күреске баса назар аударып отырғандарын жеткізді.

АРМАН ЖАНСЕНГІРОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы бір айлық науқанды бір рет скринингтен өтіп ұмытып кету үшін өткізіп отырған жоқпыз. Біз отандастарымызды маммографиядан жиі өтіп, өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға үгіттеуді көздейміз. Мысалы, мен осы мақсатты топқа кіре тұра, мүлдем скринингтен өтпейтін нәзік жандыларды білемін. Сондықтан, әйелдер арасында сүт безі обырымен күрес ауқымын кеңейту – басты мақсатымыз.