Астанада нейрохирургия бойынша халықаралық конференция өтті

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2026

Астанада нейрохирургия мен неврология салаларының өзекті мәселелерін арқау еткен  халықаралық конференция өтті. Заманауи ғылымның жетістіктері мен практикалық тәжірибені ұштастырған алқалы жиынға алыс-жақын шетелдерден 150-ден астам жетекші маман, танымал нейрохирургтар, білікті неврологтар мен сала ғалымдары арнайы келіп қатысты. Басқосу барысында қазіргі заманғы нейрохирургияның даму бағыттары жан-жақты талқыланып, қазақстандық пациенттерге қолжетімді жоғары технологиялық көмектің жетістіктері сөз болды. 40-тан астам маңызды баяндама жасалып, тәжірибе алмасуға арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

СЕРІК АҚШОЛАҚОВ, "ҚАЗАҚСТАН НЕЙРОХИРУРГТАРЫ АССОЦИАЦИЯСЫ" ҚБ ПРЕЗИДЕНТІ, "ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің нейрохирургия ғылымында ешқандай шекара жоқ. Бүгін бізге Америкадан, Англиядан, Турциядан, Грециядан, Кипрден және Еуропа қалаларынан келіп жатқан ғалымдар бар. Сондықтан ойлайм бұл өзекті мәселе жастар үшін өте пайдалы.