Ортопедияда жаңа технологиялар қолданысқа енді

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2026

Қазақстанда травматология мен ортопедия саласына арналған отандық медициналық бұйымдар енді шетел нарығына шығарылады. Еліміздегі бас травматология орталығының базасында жұмыс істейтін зауытта сүйек сынуы мен ауыр жарақаттарды емдеуге арналған ортопедиялық құрылғылар өндіріледі. Бұл Орталық Азиядағы медициналық бұйым шығаратын алғашқы зауыт. Жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелер Травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресінде таныстырылды. Мамандар күрделі жарақаттарды емдеуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдану, гендік және жасушалық зерттеулерді дамыту, сондай-ақ жаңа буын дәрігерлерін даярлау мәселелерін талқылады.

ЕРСІН ЖҮНІСОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз болашақ ортопедия, травматологияларды тек қана дәрігер деп дайындамауымыз керек. Біз соларды дайындау курстарына, бағдарламаларында және цифрлық технологиялармен қалай қолдану керек. Ауыр жарақатпен түскен ауруларды емдеу кезіндегі үлкен big data деп, соларды қалай жинақтау керек. Медицина қазір бөлек, жеке өздігімен алмайды. Медицина дамиды цифрлық технологиямен, жасанды интеллектпен, инженер-технологтармен.