«Ортамызға түстің»: Алматы тұрғыны анасын байлап ұстаған

Фото: скриншот

Алатау аудандық полиция басқармасы анасын ұрып-соғып, үйде қамауда ұстады деген күдікке ілінген азаматты ұстап, тексеру жұмыстарын бастады

Әлеуметтік желіде Алматыда ер адамның өз анасын үйінде байлап ұстағаны туралы ақпарат тарады. Жәбірленуші әйел ыңғайлы сәтті пайдаланып, қашып шыққан, деп хабарлайды Astana TV.

Көшедегі куәгерлер жалаңаяқ әрі қолы байлаулы әйелді байқап, оған бірден көмек көрсеткен. Олар азаматшаның қолын шешіп, су мен аяқ киім бергеннен кейін, бірден «102» пультіне хабарласып, тәртіп сақшыларына тапсырған. Оқиғаға куә болған Елдар Семейғазыновтың айтуынша, ер адам туған анасын «келінімен арадағы қарым-қатынасқа араласасың» деген сылтаумен соққыға жығып, үйде ұстаған.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасы оқиғаға қатысты арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктінің жеке басы толық анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі сәтте одан жауап алынуда.