Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды Astana TV.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.
1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды. Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.