Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Astana TV.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті.
Нұрқожа Қайпанов белдесуді сенімді өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.