Петропавлда жолда қауіпті маневр жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Polisia.kz

Петропавлда полицейлер әуежай маңында көлікті қауіпті түрде жүргізген BMW жүргізушісін жедел анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Әлеуметтік желілерде автокөліктің жол бөлігінде дөңгелегін айналдырып, қауіпті маневрлер жасағаны түсірілген бейнежазба тараған. Полицейлер жүргізушіні жедел анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Ол – Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғыны Богдан Пчелинцев. Маневр жасау ережелерін бұзу, жолдарды бүлдіру және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша полиция қызметкерлері материалдар жинап, сотқа жолдады. 2 қазанда сот ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады. СҚО ПД мұндай құқық бұзушылықтар, сондай-ақ түнгі уақытта қозғалтқыштардың қатты дыбысын шығару үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. "Заң мен тәртіп" қағидаты баршаға ортақ