Астанада көшелер уақытша жабылады

Астана әкімдігі

5-6 қазан күндері Астана көшелердің кей учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл шаралар елордада халықаралық саяси іс-шаралардың өтуіне байланысты қабылданды, хабарлайды Astana TV.

Ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты бұл күндері қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.