Астанада екі көшеде қозғалыс шектеледі

Фото: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

Елордада 5-6 қазанда кей көшелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекеттік күзет қызметінің ақпаратынша, Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өтеді. Соған байланысты 5-6 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. 

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген  хабарламада.