116 жасқа келді: елдегі ең қарт адам Ұлытауда тұрады

Фото: ulytau_oblysy

Ең қарт қазақстандық 116 жасқа келді, деп хабарлайды Astana TV.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алушылар арасында 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат есепте тұр. Жасы ең үлкені Ұлытау облысында тұрады, ол 116 жасқа толған туған күнін атап өтті.

Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы жүзден асқан қариялардың саны жағынан бірінші орында, мұнда 100 және одан жоғары жастағы 41 адам бар.

Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Онда 100 жастан асқан 32 адам тұрады.

Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 25 адам тұрады.

Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 116 жас, Павлодар облысы – 114 жас, Қостанай облысы – 111 жас кірді.