Талдықорғанда әйеліне шабуыл жасаған қарулы ер адам ұсталды.
Полицияға жүгінген әйел күйеуінің өзін жарақаттап, қорқытқанын айтқан. Тәртіп сақшылары дереу жетіп, күдіктіні ұстады. Одан пневматикалық қару тәркіленді. Әйелдің айтуынша, күйеуі оны таңғы сағат 4-ке дейін ұрған. Көршілер көмектесуге тырысқанда, ол оларға суық қару кезеген. Әйел бір жасар баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды.
РУСЛАН ЧАРАПИЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажетті көмек көрсетілді. Бұған дейін аталған азаматшадан полицияға арыз-шағым түспеген.