Ақтөбеде үш жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен мәдениет ошағының қабырғасы сөгіліп тұр

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2026

Ақтөбедегі Жабасақ ауылында мәдениет үйінің қабырғалары сөгіліп, төбесі құлайын деп тұр. Мұнда  мәдениет қызметкерлері мен кітапханашылар жұмыс істейді. Ал оның бір бөлігінде балалар спортпен шұғылданады. Ғимараттың сыртқы қабырғаларында да  жарықтар пайда болған. Кей бөлмелердің есігі ашылмайды. 

Ғимарат 1986 жылы салынған. 1990 жылдың жазында пайдалануға беріліпті. Арада 30 жылдан астам уақыт өткен соң, нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. Алайда, 3 жыл толмай клубтың қабырғасы қайтадан жарыла бастаған.  

АЗАМАТ СӘТБЕКОВ, АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Күрделі жөндеу жұмыстарын "Баспана Билд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген, 62 миллион 810 мың теңге қаражатқа. Тұрғындардың көрсетіп отырған төбедегі сызаты сылақтардың құлауынан орын алған. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында Жабасақ ауылдық клубына техникалық сараптама жүргізіп, нысанды күрделі жөндеуге болатындығы жөнінде тиісті құжаттамалар жасақталған. Сондықтан Жабасақ ауылдық клубын апатты деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Қазір ауылдық клуб қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр.