«Әділет» партиясы 250-ден астам мектепте ұстаздармен ашық диалог өткізді

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2026

Баланы жақсы оқыту үшін мұғалімге не қажет? Бұл сұрақ Астана қаласындағы №101 мектепте өткен «Ұстаз айтса» диалог алаңында талқыланды. Іс-шараны «Әділет» партиясы ұйымдастырды. Кездесуде педагогтердің кәсіби мәселелері, ұстаз мәртебесі, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді пайдалану мәселелері сөз болды. Ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісіп, білім сапасын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Басқосу соңында білім саласына қосқан үлесі үшін бірқатар педагог алғыс хатпен марапатталды.

НҰРБЕК ЕРІКҰЛЫ, №101 МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Азаматтық қоғам әртүрлі белсенділерден қалыптасады. Өзімнің үлесімді қосу мақсатында бірнеше жобалар жасадық. Мен тәрбиелеп жатқан шәкірттерім ертеңгі күні қандай азамат болады? Олардың барлығы адал, заң мен тәртіпке бағынған, өзінің елі үшін аянбай қызмет ететін азамат болса деймін.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз 230 ауданымызда 250-ден астам мектепте 25 мыңға жуық мұғалімдермен осындай диалог алаңын құрдық. Ұстаздардың ойында жүрген қандай мәселелер бар. Жалпы өздерінің көкейінде жүрген ұсыныстарды тыңдап әріқарай шешімін шығару үшін, іс жүзінде жүзеге асыру үшін диалог алаңын құрдық.