Елімізде жеті жылда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 жаңа мектеп салынды. Биыл тағы 101 білім ошағы бой көтереді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім берудің жаңа стандарты қалыптасты. Бұл жүйе аясында бүгінде 460 мың оқушыға арналған 217 озық мектеп пайдалануға берілді. Ең бастысы, заманауи оқу ордаларының 84-і, яғни 40 пайызға жуығы шалғай ауылдық жерлерде орналасқан.