Ақтауда "Әділет" партиясы "Әділет жүректен басталады" атты акция өткізді

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2026

Ақтауда Дүниежүзілік жүрек күніне орай «Әділет жүректен басталады» акциясы өтті. Іс-шараны «Әділет» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Мұхамбет» медициналық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Акция барысында қала тұрғындары дәрігерлерден тегін кеңес алды. Мамандар қатысушылардың қан қысымын, тамыр соғысын, бойы мен салмағын өлшеді. Келушілердің қандағы глюкоза мен холестерин деңгейі тексеріліп, электрокардиограмма да жасалды. Акцияның  мақсаты -жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, тұрақты бақылаудың маңызын түсіндіру. Жан саулығын жақсартуға бағытталған жиынға Ақтау қаласының 300-ге жуық тұрғыны мен қонағы қатысты.

ДИАНА МҰХАМБЕТ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар көбіне алғашқы белгілері байқалмағандықтан, оған мән бермейді. Мысалы, күйзеліс кезінде қан қысымының көтерілуі немесе әлсіздік сияқты белгілер болуы мүмкін. Алайда азаматтар мұндайды жиі елемей жатады.

АБЗАЛ МАРАТ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы медициналық қызметтер арқылы неше түрлі диагноздардың алдын алуға болады. Біздің негізгі мақсатымыз сол. Бұл біздің тұрғындарға медицина бағытында, денсаулық сақтау бағытындағы негізгі сұрақтарға жауап алуына үлкен мүмкіндік беретін алаң. Біз осы шараны, осы акцияны алдағы уақытта да өткізетін боламыз.