Қазақстанда көлік жүргізушілерді медициналық тексерудің тәртібі өзгереді

фото: El.kz

Енді 65 жастан асқан жүргізушілер мен көлік жүргізетін мүмкіндігі шектеулі азаматтар медициналық тексеруден екі жылда бір рет өтуі мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізушілерге медициналық анықтама беру тәртібін өзгертуді ұсынды. Жаңа ережеге сәйкес, медициналық комиссияның қорытындысы бірыңғай автоматтандырылған базаға енгізіледі. Бұл ақпарат мемлекеттік органдарға жүргізушінің көлік басқаруға жарамдылығын тексеруге мүмкіндік береді.

Министрлік бұл талаптың "Жол жүрісі туралы" заңда қарастырылғанын айтты. Құжат қазір "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауда. Ұсыныстар 19 қазанға дейін қабылданады.