Астанада «Бір рух - бір қадам» атты ауқымды бұқаралық жүгіру шарасы өтті

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2026

Астанада «Бір рух - бір қадам» атты ауқымды бұқаралық жүгіру шарасы өтті. Бұл игі бастаманы «Әділет» партиясының Жастар қанаты мен Сарыарқа ауданының әкімдігі «Заң мен тәртіп» және «Астана - есірткісіз қала» бастамалары аясында бірлесіп ұйымдастырды. Спорттық іс-шараға 1500-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында әуесқой жүгірушілер, жастар және қала қонақтары бар. Ұйымдастырушылар қатысушылардың дайындығы мен қалауына қарай 4 және 7,6 шақырымдық екі түрлі қашықтықты ұсынды. Ал мәре сызығын сәтті бағындырған әрбір қатысушыға ерекше естелік медалдар табысталды.

МАҒЖАН ҚЫСТАУБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз Астананың, жалпы еліміздің есірткісіз ортаға айналғанын қалаймыз. Әрине, бір ғана жүгіру шарасынан мәселе бірден шешіліп кетпейтіні түсінікті. Дегенмен бүгінгі іс-шара арқылы  адамдардың белсенді өмір салтын ұстанатын, бір-бірін шақырып, еркін жүгіре алатын алаңын қалыптастырып отырмыз. Бұл кәсіби марафон немесе үлкен жарыс емес, жай ғана таңғы жаттығу іспетті. Яғни салауатты өмірге қадам басудың ең оңтайлы, жеңіл жолы.