"Ресейде оба тіркелді", "Алматыдағы өрт": қазақстандықтарға ескерту жасалды

Фото: ortcom.kz

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының Telegram-дағы арнасында Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында болған өртке қатысты желіде манипуляциялық хабарламалар таратып, қоғам назарын аудару әрекеттері тіркеліп жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Соңғы күндері кейбір әлеуметтік желі аккаунттары Алматыдағы өрт оқиғасын Ресейде оба ауруы тіркелді деген қауесетпен байланыстыруға тырысуда. Айта кету керек, бұл ақпаратты бұған дейін Ресей билігі ресми түрде теріске шығарған еді. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықта аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандандырылған зертханалардың болуы фактісінің өзі екі оқиғаның арасында жалған байланыс орнату және жағдайға қатысты қосымша алаңдаушылық туғызатын контекст қалыптастыру үшін пайдаланылуда.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды манипуляцияларға сенбеуге және таратылған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.