Астаналық әйел паркинг қызметкерін көлікпен басып кетті

фото: pixabay

Астанада көлігін тұраққа қойғалы жатқан әйел паркинг қызметкерін басып кетті, деп хабарлайды Astana TV.

Автокөлік тұраққа қойылған. Қазір тергеу жүріп жатыр. 

«2 қазанда «ROX» маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөкейхан көшесіндегі жерасты автотұрағына кіріп бара жатып, ішке кіргеннен кейін солға бұрылған кезде автотұрақ аумағында жұмыс істеп жүрген жаяу жүргіншіні байқамай, оны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда алған жарақаттарының салдарынан кейін ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.