Маңғыстауда 50 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: liter.kz

Маңғыстау облыстық полициясы хабар-ошарсыз кеткен азаматты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ер адам ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде жоғалған, деп хабарлайды Astana TV Lada.kz.-ке сілтеме жасап. 

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының тұрғыны Сарсенбай Өмірбаев 27 қыркүйек күні сағат 07:30 шамасында «Шопан-Ата» аумағында орналасқан «Шанкум-Беки» шаруа қожалығынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Осы уақытқа дейін ол туыстарымен байланысқа шыққан жоқ.

Белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа, аздап ақ түскен.

Үстінде қара күртеше, қара шалбар және қара туфли болған. Өзімен бірге ұялы телефоны болған.

Өңірлік полиция департаменті хабар-ошарсыз кеткен ер адамның жүрген жерін анықтау үшін қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, оның жүруі мүмкін бағыттары тексеріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына полицияның барлық жеке құрамы бағытталды», – деді ведомство өкілдері.