Жамбыл облысында оқушыға күш қолданды деген күдікке ілінген мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Astana TV.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға шамамен бір жыл бұрын болған. Кейін мұғалім баланың анасынан кешірім сұрап, сол сәтте эмоцияға берілгенін және әрекетінің дұрыс болмағанын мойындаған. Ол оқушының отбасынан тағы да кешірім сұрады.
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар қабылдап жатыр.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау туралы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция департаменті.