Алматы облысында екі жасөспірім тауда адасып кеткен

Фото: скриншот

Құтқарушылар түн ішінде 2 баланы құтқарды

Алматы облысы Қарасай ауданында, «БАП» шыңының маңында, 3680 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары 2008 жылы туған екі жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

Таудан түсіп келе жатқан кезде жасөспірімдер маршруттан адасып кеткен. Құтқарушылар оларды тауып, «Аю-Сай» бөгетіне дейін алып барды.

Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Кейін оларды туыстары қарсы алып, қалаға жеткізді.

Құтқарушылар тауға шығатын азаматтарды маршрутты алдын ала жоспарлауға, ауа райы жағдайын ескеруге және жақындарына өздерінің бағыты мен қайту уақытын хабарлауға шақырады.