Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды
Маңғыстау облысындағы трагедия бойынша жан-жақты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Astana TV.
«Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ІІМ-нің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы Бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген ІІМ түсініктемесінде.
Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Бұған дейін бұл іс бойынша Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды тұлғасы ұсталған болатын.