Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды. Оған Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты қызметіне салғырт қарады деген айып тағылып отыр. Ниязбеков - осы іс бойынша қамауға алынған алғашқы жоғары шенді офицер. Бұған дейін ІІМ бес әскери қызметшіні ұстаған. 3 қазанда Ниязбеков қызметінен босатылған еді.
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:
ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.