Жағдайы ауыр: Алматыда жол жиегінде отырған екі баланы көлік қағып, қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2026

Алматы облысында көлік қағып кеткен екі баланың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

Абай ауылында ер адам жол жиегінде отырған екі жеткіншекті  таптап өтіп,  қашып кеткен. Балалар аудандық ауруханаға жеткізілген, операция жасалды. Дәрігерлер бірінің жағдайы ауыр дейді. 65 жастағы жүргізуші ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

Екі науқасқа да хирургиялық операция жасалып, операциядан кейін олар реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдады. Қазіргі таңда науқастардың біреуі әрі қарай ем қабылдау үшін хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Екінші науқас реанимация бөлімінде ем қабылдауды жалғастыруда, жағдайы ауыр.