Астанада тұрақта тұрған бес көлік жанып кетті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2026

Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай жанып кетті. Бір адам зардап шеккен. Қатты желдің салдарынан жалын жақын тұрған көліктерге тез тараған. 

Оқиға Сарайшық ауданындағы көпқабатты үйдің автотұрағында болған. Санаулы минутта көліктердің тек қаңқасы қалды. Қызыл жалын тұрғын үйге де қауіп төндірген.

БЛИЦ:

- Қатты жел тұрып жанып жатты. Мен үйге кіріп кете ме деп ойладым.

- Жарылған дауыс шықты қатты. 1 жарылды, екі жарылды. Үшіншіде терезеге қарасам вокруг пожар.

- Аударма. Таңғы уақытта болды. Ешкім ештеңе білмейді. Тек сөндірді. Ажиотаж болды.

Бір отбасының екі көлігі өртеніп кетті. Оның бірін қауіпсіз жерге шығармақшы болған азаматтың өзі тілсіз жаудан зардап шеккен.

ІЛИЯС ДУЛАТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Куәгерлер көліктердің дабыл жүйесі іске қосылуы үшін машиналарды ұра бастаған. Біз де сыртқа шықтық. Көлік жанып жатты. Ең болмағанда біреуін алып шығуға тырыстық. Ағам  зардап шекті, қазір ол ауруханада жатыр.

Өрт сөндірушілер жеті минутта жеткен. Олар келген кезде бес көліктің де сау-тамтығы қалмапты.

НҰРГҮЛ НҰРҒАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Жәбірленушілердің айтуынша, бейнебақылау камераларынан өрт  Volkswagen Passat көлігінен туындағаны көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, сымдардың қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан жалын жанында тұрған өзге көліктерге ойысқан. Мамандар тиісті сараптамаларды жүргізіп жатыр.