Семей жылу маусымына дайын емес: шенеунік жазаланады

Семей қаласы жылыту маусымына дайын болмай шықты. Ол үшін облыс әкімінің орынбасары жазаланады.  Олжас Бектенов тапсырма берді. Бұған дейін жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз ету тапсырылған болатын, алайда, өзге өңірлер талап үдесінен шыққанымен, Семей кестеден қалып қойды. Мұны жауаптылар қажетті қондырғылардың дер кезінде жеткізілмеуімен байланыстырады.  Десе де, Үкімет басшысы салаға жетекшілік ететін шенеунікті  тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады. Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын.