Әлемнің үздік аспаздары Астанаға жиналды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2026

Әлемнің  үздік аспаздары, кондитерлер мен даяшылар Астанаға жиналды. Елордада халықаралық «Astaufest-2026» гастрономиялық фестивалі басталды. Үш күнге жалғасатын айтулы шараға   30-дан астам оқу орнынан 200-ден аса қатысушы келді. Олардың кәсіби шеберлігін Франция, Түркия, Швейцария сынды елдерден келген 13  сарапшыдан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Ал елорда мектептерінен келген 500-ден астам оқушы мейрамхана бизнесінің қыр-сырымен жақыннан танысады. Сондай-ақ, қатысушыларға тартысты сайыстар мен тәжірибелі мамандардың шеберлік сабақтары ұсынылған.

ЗӘУРЕ ҚЫЛЫШБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл фестиваль халықаралық аспаздар күніне арналған. Фестивалдің негізгі мақсаты - аспаз мамандығын дәріптеу, жастарға аспаз мамандығының, кондитер мамандығының, наубайшы, жұмысша мамандықтардың қандай кереметтігін, жақсы екенін, осы мамандықты таңдағанда өз өмірдегі жолдарцын жақсы табатынын көрсету, үйрету.