Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры елордаға келді

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2026

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры елордаға келді. Ертіс-Баян өңірінің актерлары 6 жасар баладан 60-қа келген қария да қарайтын қойылымдарды сахналамақшы. 90 жылға жуық тарихы бар өнер ордасы "Ұждан", "Балам", "Қашан келесің?" және "Көңілді Роджер" туындыларын  әкелген. Кейінгі жылдары театр қоржыны жаңа қойылымдармен де толығып, көптеген республикалық және халықаралық фестивальдерде олжа салып жүр. Астанаға ат басын бұрған ұжымның базарлығы балаларды қуантудан басталды.

ӘДІЛЕТ АХАНОВ, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКА-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

"Көңілді Роджер" ертегісі Данияр С. Ол біздің театр репертуарында жүріп жатқан қойылым. Балаларға арналған. Достық, адалдық жалпы бүгінгі күндегі балаларға алтынның жылтырағаны ма әлде нағыз алтын достық және қасыңдағы адамдар ма? Ортаң ба? Сондай бір кішігірім айтатын ойы бар.