Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: pixabay

Қолайсыз ауа райына байланысты елдің 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Ел аумағында қар жауып, бұрқасын соғады, сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі деп хабарлайды AstanaTV «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, кей өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +10...+12°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +6...+8°C, күндіз +15...+17°C жылы. Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел 8-13 м/с, түнде +5...+7°C, күндіз +18...+20°C көрсетеді.

Батыс өңірлерде ауа райы әртүрлі болады. Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн күндіз +19...+21°C. Ақтөбеде бұлтты, жаңбырлы, желдің екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді, күндіз +15...+17°C. Атырау мен Оралда жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, Атырауда күндіз +21...+23°C, Оралда +17...+19°C күтіледі.

Солтүстік пен орталықта ауа температурасы төмендейді. Қостанайда жаңбыр жауып, түнде -1...-3°C, күндіз +10...+12°C болады. Көкшетау, Қарағанды, Павлодар және Петропавлда жауын-шашынсыз, бірақ желдің екпіні 15-20 м/с дейін соғады. Түнде термометр бағаны бұл өңірлерде -3...2°C шамасында болса, Жезқазғанда түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C сақталады.

Шығыс облыстарда жауын-шашын күтіледі. Семей мен Өскеменде бұлтты, жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-18 м/с жетеді, күндіз ауа температурасы +6...+10°C деңгейінде болады.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады. Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан және Қызылорда қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз термометр бағаны +15...+22°C аралығында көрсетеді.