Автобус ішіне насыбай қалдығын түкірген жолаушысы 10 тәулікке қамалды

Фото: Вечерняя Астана

Астанада автобус жолаушысы салон ішінде насыбай қалдығын түкіргені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Полицияның мәліметінше, 52 жастағы Абдулла Ташматов бағдарлық автобуста келе жатып, насыбай қалдығын еденге лақтырған. Өзге жолаушылар оған ескерту жасағанымен, ер адам оны елеусіз қалдырған, деп хабарлайды Astana TV Halyqstan телеграмм-арнасына сілтеме жасап. 

Нәтижесінде ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот ер адамға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.