Балықшының денесі табылды

ашық дереккөз

Мәйітті шамамен 4-5 метр тереңдіктен тапқан

Қарағанды облысында Балқаш көлінде балық аулау кезінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Astana TV.

Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте Ақтоғай ауданында, Тасарал ауылынан шамамен 20 шақырым жерде болған. 1970 жылы туған ер адам балық аулау кезінде суға батып кеткен.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін іздеу жұмыстарына Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмылдырылған.

Бірнеше күнге созылған іздеу барысында сүңгуірлік жабдықтар мен қашықтан басқарылатын суасты аппараты қолданылған. Құтқарушылар көл аумағын күндізгі уақытта тексерген.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жағалаудан 2,5 шақырым жерде, шамамен 4-5 метр тереңдіктен марқұмның денесі тауып, судан шығарды.