Татьяна Савельева депутат болудан неге бас тартты?

Ашық дереккөз

Құрылтай отырысында Татьяна Савельеваның өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініші Құрылтай отырысында қаралды.

«Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына 2026 жылғы 6 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Михаиловна Савельевадан өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші келіп түсті. Оның депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы мәселені шешу үшін ОСК ұсыным енгіземіз», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов.

Құрылтай депутаттары ұсынымды қолдап, дауыс берді. Өз кезегінде Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Ол президент жарлығымен жаңа лауазымға тағайындалды.