Астанада полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалған екі мопедті тоқтатты, - деп хабарлайды Astana TV.
Тексеру барысында екі жүргізушінің де 17 жастағы кәмелетке толмағандар екені және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігі және 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Екі жасөспірім де әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Екі мопед те мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды. Полиция көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.